01.09.2016, 11:38 3489

Ақтау қаласыныӊ 120 тұрғынына жаӊа пәтердіӊ кілті табысталды

24 пәтердіӊ кілті ата-анасыныӊ қамқорлығынсыз қалған балаларға берілді. Бүгінгі таӊда Ақтау қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 5 мыӊнан астам адам тұр, оныӊ ішінде 2 мыӊнан астамын әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын азаматтар құрайды.

Ақтау. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Алик Айдарбаев Ақтау қаласыныӊ 32 "а" шағын ауданында орналасқан жаӊа 120 пәтерлік тұрғын үйдіӊ кілтін табыстады.

Жалдамалы үйдіӊ иелері болып Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлері, облыстық орталықтыӊ тұрғындары, тұрғын үй алуға кезекте тұрған әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын азаматтар мен білім және денсаулық сақтау саласыныӊ қызметкерлері аталды. 24 пәтердіӊ кілті ата-анасыныӊ қамқорлығынсыз қалған балаларға берілді. Бүгінгі таӊда Ақтау қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 5 мыӊнан астам адам тұр, оныӊ ішінде 2 мыӊнан астамын әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын азаматтар құрайды.

Қызыл лентаны Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері Жаӊбырбай Илиев пен Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Алик Айдарбаев қиды.

"Дағдарысқа қарамастан, облыстағы тұрғын үй құрылыстары қарқынды жүріп жатыр. 2016 жылдыӊ 1-жартыжылдығында құрылыс жұмыстарыныӊ көлемі 61,6 млрд. теӊгені құрады. Жалпы ауданы 400,9 мыӊ шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілді, ол өткен жылмен салыстырғанда 46,8%-ға артық. 3 бес қабатты 120 пәтерлік тұрғын үйдіӊ құрылысына 1 812 млн. теӊге бөлінді. Қалған екі үй осы жылдыӊ соӊына дейін пайдалануға берілетін болады. Жыл басынан бері Ақтау қаласында 466 үлескердіӊ қатысуымен 6 үлескерлік құрылыс нысаны болды. Қазіргі уақытта 4 тұрғын үй қалып, оныӊ ішінде мемлекеттіӊ қолдауымен 3 тұрғын үйдіӊ құрылысы аяқталды", - деп хабарлады Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Алик Айдарбаев.

"Өӊірлерді дамыту-2020" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудыӊ аясында жергілікті бюджет есебінен 4-нші сыныпты жайлы 3 бес қабатты 120 пәтерлі тұрғын үйдіӊ құрылысы жүргізілді. Бір пәтердіӊ жалпы көлемі - 53-55 шаршы метр. Жалдамалы тұрғын үйдіӊ 1 шаршы метрі - 78 теӊге 33 тиынды құрайды. Жалпы сомасы жалдамалы тұрғын үйдіӊ ақысы ретінде "Тұрғын үй жинақ банкі" АҚ мен "Қазақстан ипотекалық компаниясы" қаржы институттарыныӊ қатысуынсыз тікелей бюджетке түседі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны