27.09.2018, 17:50 3767

Ақтау қаласыныӊ 55 жылдығы тойланды

Жиын "Астана - ұлы дала жүрегі, Ақтау - теӊіз жолы тірегі" Президенттік мұрағат пен Маӊғыстау облыстық мұрағатыныӊ тарихи құжаттар және Ақтау қаласына арналған фото және суретшілер көрмесінен басталды.

Ақтау. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтау қаласыныӊ 55 жылдығына арналған салтанатты жиын облыс әкімі Ералы Тоғжановтын қатысуымен өтті.

Жиын "Астана - ұлы дала жүрегі, Ақтау - теӊіз жолы тірегі" Президенттік мұрағат пен Маӊғыстау облыстық мұрағатыныӊ тарихи құжаттар және Ақтау қаласына арналған фото және суретшілер көрмесінен басталды.

Қаланыӊ тарихы 1963 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумыныӊ Жарлығымен Ақтау қаласы мәртебесін иеленген сәтінен бастау алады. Өзіндік ажарымен, әлеуетті қайрат-қажарымен, бақуатты өмір базарымен бой түзеп, айдынды, айбынды қала атанған Ақтаудыӊ жылдан-жылға көрік-келбеті құлпырып келеді. Илеуметтік экономикалық көрсеткіші артуда. Өӊірде заман талабына сай инфрақұрылым қалыптасып, жаӊа шағын аудандар, спорт алаӊдары мен білім ошақтары салынып жатыр.

"Қазіргі таӊда Маӊғыстау аймағы біртіндеп күллі әлем көз тіккен ұтымды көлік-логистикалық орталыққа айналып келеді. Соныӊ айғағы ретінде халықаралық "Солтүстік - Оӊтүстік" дәлізініӊ маӊызды құрамдас бөлігі саналатын "Қазақстан - Түркіменстан - Иран" бағытындағы теміржол желісі тартылып және осы бағыттағы автомобиль жолы қатынасы қолға алынды. Сондай ақ "Батыс Қытай - Батыс Еуропа" құрлықтық төте жүк-көлік тасымалын жүзеге асыруда өзіндік орны бар Ақтау теӊіз-сауда порты мен Құрық паром кешенініӊ жұмысын бастауы Маӊғыстаудыӊ зор келешегіне кепіл бола алады. Өткенде ғана өздеріӊіз куә болғандай Каспий жағалауы елдерініӊ саммитінде бес мемлекеттіӊ басшылары дәл осы Ақтау төрінде бас қосып, жиырма жыл талқыланған конвенцияға қол қойды. Сол арқылы Ақтау әлемдік қауымдастыққа жаӊа қырынан танылды. Бұл еӊ алдымен Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлыныӊ ерен еӊбегініӊ және биік беделі мен асқақ абыройыныӊ жемісі", - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Ақтау қаласыныӊ әкімі Ғалымжан Ниязов 13 адамға "Ақтау қаласыныӊ құрметті азаматы" төсбелгілерімен марапаттады. Олардыӊ ішінде археолог Андрей Астафьев, еӊбек ардагері және Ақтау қаласыныӊ құрылысшысы Жақсығали Джакиев, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген әртісі, күйші Роза Айдарбаева, Юрий Кержбаум, "Шалом" Еврей ЭКО-ныӊ және "Чернобыль" аймақтық одағыныӊ төрағасы, Айгүл Қосанова және басқалар. 15 адам "Ақтаудыӊ 55 жылдығы" мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

Мерекелік кеш ҚР мәдениет қайраткерлері Роза Рымбаева, Айгүл Қосанова, Ұлықпан Жолдасов, Тамара Асар сынды республикаға белгілі өнер жұлдарырымен жергілікті өнерпаздардыӊ концерттік бағдарламасына ұласты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны