08.06.2018, 17:18 7144

Ақтау қаласыныӊ әкімдігіне қатысты шенеуніктен ірі көлемде айыппұл өндірілді

Айта кету керек, өткен жылдыӊ осы мерзім аралығында заӊға қайшы әрекеттерге жол берген шенеуніктерге қатысты уәкілетті орган 6 әкімшілік іс қозғаса, биыл бұл көрсеткіш 16 дерекке артық болып отыр.

Ақтау. 8 маусым. Kazakhstan Today - "Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесініӊ басшысы Е.Сәркеновке 408 580 теӊге мөлшерінде айыппұл салынған. Айта кету керек, аталмыш соманы мемлекет пайдасына шенеунік өз қалтасынан өндірген.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Маӊғыстау облысы бойынша департаментініӊ хабарлауынша, ішінара және жоспардан тыс тексерулердіӊ нәтижесінде, үстіміздегі жылдыӊ 5 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында рұқсат берудіӊ тәртібін, мерзімін бұзу және негізсіз бас тарту деректері Ақтау және Жаӊаөзен қалалары, Мұнайлы ауданында орын алып, жалпы сомасы 541 125 тенге көлемінде айыппұл салынған.

Ал еӊ ірі көлемдегі айыппұл Ақтау қаласыныӊ әкімдігіне қатысты шенеуніктен өндіріліп отыр. Атап айтқанда, барлығы 16 әкімшілік хаттаманыӊ 10 "Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы" мемлекеттік мекемесініӊ басшысы Е.Сәркеновке қатысты толтырылған.

"Шенеунікке қатысты іс Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексініӊ 465 бабыныӊ 2 бабы, яғни рұқсат беруден бас тарту және осы бөлімніӊ 3 бабы, яғни әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеті үшін жаза қолданылды", - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Маӊғыстау облысы бойынша департаментініӊ басшысы, Идеп жөніндегі кеӊес төрайымы Нұргүл Жанназарова.

Осылайша бір жылдыӊ ішінде екі рет заӊ бұзушылыққа жол берген әкімдік қызметкері әкімшілік жазамен құтылды.

Айта кету керек, өткен жылдыӊ осы мерзім аралығында заӊға қайшы әрекеттерге жол берген шенеуніктерге қатысты уәкілетті орган 6 әкімшілік іс қозғаса, биыл бұл көрсеткіш 16 дерекке артық болып отыр.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

агенттігініӊ Маӊғыстау облысы бойынша

департаментініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны