23.04.2010, 10:46 4994

Ақтау қаласының әкімі тағайындалды

Ақтау қаласының әкімі тағайындалды

Ақтау. 23 сәуір. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев кеше облыс активімен кездесуде облыстағы кейбір маман ауыс-түйістері туралы жария етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қ. Көшербаев Ақтау қаласының бұрынғы әкімі Сәлімгерей Бекбергеновтың Қазақстан Республикасының президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалғанын жария етті.

Ақтау қаласының әкімі болып бұған дейін Мұнайлы ауданын басқарған Оспан Қазақбаев тағайындалды.

Ал Мұнайлы ауданының әкімі болып бұрын осы аудан әкімінің орынбасары болған Елубай Ибілов тағайындалды.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне бұған дейін облыс әкімінің орынбасары болған Амангелді Айтқұлов тағайындалды.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары қызметіне бұған дейін облыстық білім беру басқармасының бастығы болған Қаныбек Жұмашев пен бұған дейін облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы болған Мұханбет Жүнбасов тағайындалды.

Сондай-ақ, Маңғыстау ауданының әкімі қызметіне Қармыс Боқанов тағайындалды, ол бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болған.

Маңғыстау ауданының бұрынғы әкімі Жиенай Албытов облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы болып тағайындалды.

"Нұр Отан" ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып бұған дейін облыс әкімінің орынбасары болған Жауынбай Қараев тағайындалды.

Кеше облыс әкімі бұған қоса Шетпе кентінде, Маңғыстау ауылы мен Ақтау қаласының әкімдігінде болып, онда аудандық және қалалық мәслихаттардың кезектен тыс сессиялары өткізілді, Ақтау қаласы мен аудандарының активтері өтті.

Облыс әкімі жаңа нақты міндеттер қойып, жаңадан тағайындалған басшыларға табыстар тіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны