25.07.2018, 23:28 3931

Ақтауда 240 орындық бөбекжай мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі аясында ашылды

Ағымдағы жылы 2895 орындық 24 балабақша пайдалануға беріледі. Балабақша ашуда облыс кәсіпкерлері белсенділік танытуда. Қазірдіӊ өзінде 714 орындық 10 жекеменшік балабақша ашылды.

Ақтау. 25 шілде. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов жаӊа балабақшаныӊ ашылу салтанатына қатысты.

240 орындық бөбекжай мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі аясында жүзеге асты. 35 жұмыс орны құрылған. Сондай-ақ, "Монтессори", логопед, акт және музыка залы қарастырылған.

-Елбасымыз "Бала тәрбиелеу - болашаққа еӊ үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек", - деген болатын. "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудыӊ жаӊа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауында Президентіміз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі қысқартуды басты мәселелердіӊ бірі етіп көтерді. Сондықтан біз өӊірімізде балабақшалар салу мәселесіне аса назар аударып келеміз.Ағымдағы жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 5 балабақша ашылады. Бүгін соныӊ бірі жұмысын бастады. 2018 жылдыӊ соӊына дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 1120 орындық тағы 4 балабақша саламыз, деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Ағымдағы жылы 2895 орындық 24 балабақша пайдалануға беріледі. Балабақша ашуда облыс кәсіпкерлері белсенділік танытуда. Қазірдіӊ өзінде 714 орындық 10 жекеменшік балабақша ашылды.

Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны