17.10.2006, 09:28 3828

Ақтауда алты жексенбілік мектеп ашылды

АҚТАУ. 17 қазан. Kazakhstan Today.Өткен жексенбіде Ақтауда екі жалпы білім беретін мектептің негізінде бірден алты жексенбілік мектебі ашылды . Онда армяндар, лезгиндер, грузиндер,немістер, әзербайжандар және дагестандықтар білім алатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Маңғыстау облысының Қазақстан ұлттары кіші ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Клара Шкондинаның айтуынша, жексенбілік мектепте тек балалар ғана емес, ересектерде дәріс алатын болады. Олар мұнда, өз ұлтының тарихы, салт дәстүрі туралы мағлұмат алып, ана тілін үйренуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, жексенбілік мектептерде мемлекеттік тіл үйретіледі. Ниет білдіргендерге, спорт және акт залдары жұмыс істейді.

Жексенбілік мектертерге барушалар алғашқы нәтижелерін Тәуелсіздік күні қарсаңында көрсетпек.

"Мұндай жексенбілік мектептер, өкіметке осы күні экономикалық реформалардан әлдеқайда маңыздырақ болып тұрған , ұлттық саясатты қалыптастыруға көмектеседі",-деп атап өтті К.Шкондина.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны