02.09.2016, 14:35 3869

Ақтауда американдық сарапшылар қазақстандық кинологтарға шеберлік саба?ui өткізді

ҚР-дағы АҚШ елшілігі әскери бөлімімен ынтымақтастығы аясында Мемлекеттік кіріс департаментініӊ кинологиялық тәлімбағында кинолог мамандарыныӊ біліктілігін артыру бойынша шеберлік сабақтар өтеді.

Ақтау. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР-дағы АҚШ елшілігі әскери бөлімімен ынтымақтастығы аясында Мемлекеттік кіріс департаментініӊ кинологиялық тәлімбағында кинолог мамандарыныӊ біліктілігін артыру бойынша шеберлік сабақтар өтеді.

Мемлекеттік кіріс департаменті хабарлағандай, дәріс сабақтары кезінде курсқа қатысушылар кинология мен ветеринария салалары бойынша білім алады.

Теориялық және тәжірибелік әдістерді зерттеді, иттердіӊ іздеу қабілетін арттыру жолдарын игерді. Сондай-ақ, американдық инструкторлар төртаяқты қызметкерлердіӊ есірткіні іздеуін қадағалайды.

Оқыту үрдісі әр түрлі жағдайларда өтеді. Ир түрлі, шұғыл шараларды иттердіӊ жедел жүзеге асыруын қадағалау, үйрету жүргізіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны