23.10.2018, 16:15 4169

Ақтауда ана мен бала орталығы ашылады

Ана мен бала орталығында қазір жылу жүргізілуде. Ғимарат 4 қабаттан тұрады. Онда әйелдерге арналған неонатология, анестезиология, акушерлік және гинекология мамандықтары бойынша қызмет көрсетіледі.

Ақтау. 23 қазан. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов қаладағы облыстық балалар ауруханасы мен және жаӊаданашылатын жаӊа Ана мен бала орталығыныӊ жұмысымен танысты.

Ана мен бала орталығында қазір жылу жүргізілуде. Ғимарат 4 қабаттан тұрады. Онда әйелдерге арналған неонатология, анестезиология, акушерлік және гинекология мамандықтары бойынша қызмет көрсетіледі.

Орталық қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтылып, еделушілерге барлық жағдай жасалған. Кеӊес беру диагностикалық емханасы да жұмыс жасайтын болады.Бұл өз кезегінде отбасын жоспарлауды, әйелдер арасындағы жатыр мойныныӊ патологиясы және түсік қаупін білуге көмектеседі.

Облыс әкімі осы бағытта жұмысты жандандыруды тапсырды. Себебі, әйелдерге арналған кеӊес беру бөлімдерін көбейту арқылы ана мен бала өлімініӊ алдын-алуға болатынын атап өттіі.

Облыстық балалар ауруханасы күніне 90 баланы қабылдайды. Облыс әкімі бұл бағытта бірқатар жұмысты қолға алуды тапсырды. Кеӊ көлемде мониторинг жасап, аурудыӊ қайдан және неліктен пайда болатынын анықтау қажеттігін айтты. Аурудыӊ алдын-алса сырқат саны азаяры сөзсіз.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны