09.02.2007, 19:01 3369

Ақтауда браконьерлерден 200 кг бекіре тұқымдас балық тәркіленді

АҚТАУ. 9 ақпан . Kazakhstan Today. Ақтауда браконьерлерден 200 кг бекіре тұқымдас балық тәркіленді . Бұл жөнінде баспасөз мәслихатында облыс прокурорының орынбасары Есенжан Досанов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Е. Досановтың ақпараты бойынша, Ақтау қалалық қоршаған ортаны қорғау прокуратурасы мен Маңғыстау облысы ІІД қоршаған ортаны қорғау бөлімшесі қызметкерлері мен мал дәрігерлік полиция өкілдерінің бірлесе жүргізген рейд барысында Ақтау-Форт-Шевченко тас жолындағы "Рубеж-20" МАИ бекетінде "УАЗ-452" автокөлігі ұсталған.

"Көлікті тексеру барысында жалпы салмағы 185 кг болатын 22 дана бекіре тұқымдас балық табылды ",-дейді Е.Досанов. Облыстық қоршаған ортаны қорғау прокуратурасының есебі бойынша, браконьерлер мемлекетке 937 мың теңгеге шығын келтірген.

Ақтау қалалық қоршаған ортаны қорғау прокуратурасы қолға түскен үш браконьердің үстінен ҚР ҚК 287 бабы, 3-тармағына "Ұйымдасқан топпен немесе ірі көлемде шығын келтіру арқылы су жануарларын және өсімдіктерін заңсыз өндіру" сәйкес қылмыстық іс қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны