28.01.2015, 11:52 4335

Ақтауда дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс бойынша қосымша комиссиялық сот-медициналық сараптама тағайындалды

Аталған іс өндірісі сараптама қорытындысы дайын болғаннан кейін жалғасатын болады.

Ақтау. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ақтау қалалық сотына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексініӊ 114-бабыныӊ 4 бөлігімен (бұрынғы редакция) "Ақтау қалалық перинаталды перзентхана үйініӊ" директоры міндетін атқарушы Ж.Керимбековаға, босану бөлімініӊ меӊгерушісі С.Аймекенге және анестезиолог-реаниматолог С.Сарбасовқа қатысты қылмыстық іс бойынша қосымша комиссиялық сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Естереӊізге салсақ, тергеу органдарымен оларға қызметтерін атқару барысында өздерініӊ кәсіби міндеттеріне немқұрайды қарау салдарынан босанушы К.Бисенованыӊ өліміне әкеліп соқтырған қылмысты жасады деген айып тағылған.

Іс бойынша сотталушылардан және куәлардан, сонымен қатар сот-медициналық сарапшылардан жауап алынғаннан кейін, Сот медицинасы орталығыныӊ Маӊғыстау облыстық филиалыныӊ берген мәліметтерініӊ толық болмауына байланысты қорғаушылардан қосымша комиссиялық сот-медициналық сараптама тағайындау жөнінде өтініштер түсті.

Тексеру қорытындысыныӊ толыққанды болуы үшін қорғаушылардыӊ өтініштері қанағаттандырылып, мамандардыӊ қатысуымен Сот медицинасы орталығыныӊ Маӊғыстау облыстық филиалыныӊ сарапшыларына қосымша сот-медициналық сараптама жүргізуді тапсыру туралы сот қаулысы қабылданды.

Аталған іс өндірісі сараптама қорытындысы дайын болғаннан кейін жалғасатын болады.

Қайнар: Маӊғыстау облыстық сотыныӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны