09.04.2015, 10:27 4224

Ақтауда интернатта босанған 16 жастағы қыз ұлыныӊ әкесі кім екенін білмейді

Ақтауда 11-ші сынып оқушысы дәл білім ордасыныӊ қабырғасында босанып қалды. Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттыӊ тәрбиеленушісі дүниеге шекесі торсықтай ұл әкелген.

Ақтау. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Ақтауда 11-ші сынып оқушысы дәл білім ордасыныӊ қабырғасында босанып қалды. Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттыӊ тәрбиеленушісі дүниеге шекесі торсықтай ұл әкелген. Бірақ бұл сәби интернат басшылығына да, қыздыӊ ата-анасына да қуаныштан гөрі, қасірет әкелгелі тұр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

16 жастағы жеткіншектіӊ толғағы түнгі сағат 3-те басталыпты. Сөйтіп дәл интернаттыӊ қабырғасында сырт көзден жасырын босанған. Баланыӊ кіндігін де өзі кескен. Сөйтіп шаранасын құндақтап, Құланды ауылында тұратын ата-анасына алып барыпты. Олар сол күні жас ананы сәбиімен қоса Жаӊаөзендегі перзентханаға алып барған. Қазір сәби ауруханада жатыр. Ал жас ана әке-шешесініӊ қолына табысталды. Оқушыныӊ жүктілігі туралы мектеп әкімшілігі ештеӊе білмедік деп ақталады. Ал, кәмелет жасына толмаған қызды жыныстық қатынасқа итермелеген азамат кім, қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Талғат Илібаев, Ақтау қаласыныӊ прокуроры:

-Ата-аналық міндетін дұрыс атқармағаны үшін әке-шешесін жауапқа тарту туралы ішкі істер органына ұсыныс тастадық. Ал мектептіӊ 1 қызметкері жұмыстан босатылып, 5-еуі қатаӊ тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны