19.10.2015, 13:01 3856

Ақтауда қоянды қорлағандар 4 сыныптыӊ оқушылары болып шықты

Ақтаулық жеткіншектердіӊ жауыздығы тағы да жұрттыӊ жағасын ұстатты. Бұл жолы ор қоянды азаптаған. Таяуда ғана мектеп оқушылары күшіктіӊ құлағы мен құйрығын кесіп, әлеуметтіӊ наразылығын тудырған еді

Ақтау. 19 Қазан. Kazakhstan Today - Ақтаулық жеткіншектердіӊ жауыздығы тағы да жұрттыӊ жағасын ұстатты. Бұл жолы ор қоянды азаптаған. Таяуда ғана мектеп оқушылары күшіктіӊ құлағы мен құйрығын кесіп, әлеуметтіӊ наразылығын тудырған еді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

6 мен 15 жас аралығындағы балалар үй жануарыныӊ мойнын капрон шұлықпен байлап, әбден сүйреген. Артынша итке талатпақ болады. Сөйтіп, қоянды ғимарат қоршауына асып қойған. Мұныӊ барлығын көршілердіӊ бірі телефоныныӊ камерасы түсіріп алыпты. Бастапқыда ол оқушылардыӊ сотқарлығын өзі тоқтатпақ болған. Илі келмеген соӊ полицияға шағымданды. Жануарды қорлаған №20 мектептіӊ төртінші сыныбында оқитын екі бала екен. Олар қоянды қоқыс жәшігініӊ қасынан өлі күйінде тапқан айтыпты, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Диляра Турина, Ақтау қаласыныӊ тұрғыны:

-Балаларды тоқтату үшін үй киіміммен далаға атып шығып айғай салдым. Олар болса, қашқақтай бастады. Балалардыӊ қоянды алғанда тірі не өлі болғанын білмеймін. Бірақ оны азаптауы өте қорқынышты еді

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны