03.12.2018, 22:13 10945

Ақтауда көші-қон қызметтерін көрсету орталығы ашылды

Көші-қон қызметтерін көрсету орталығы "бір терезе"қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. Мұнда шетелдік азаматтар медициналық тексеруден өтіп, ЖСН ала алады, барлық қызмет түрлерін ұсыну үшін мемлекеттік баж салығын төлей алады, сақтандыру полисін ресімдеп, Қазақстан Республикасындағы еӊбек қызметіне рұқсат алу үшін қажетті дактилоскопиялық тіркеуден өте алады.

Ақтау. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті күні мереке аясында Ақтауда көші-қон қызметтерін көрсету орталығы ашылды. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Ералы Тоғжанов жиналғандарды Тұӊғыш Президент күнімен құттықтап, орталық жұмысына сәттілік тіледі.

Жаӊа орталықтыӊ жалпы көлемі 3372,7 шаршы метрді құрайды, 4 қабаттан тұрады.

Көші-қон қызметтерін көрсету орталығы "бір терезе"қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. Мұнда шетелдік азаматтар медициналық тексеруден өтіп, ЖСН ала алады, барлық қызмет түрлерін ұсыну үшін мемлекеттік баж салығын төлей алады, сақтандыру полисін ресімдеп, Қазақстан Республикасындағы еӊбек қызметіне рұқсат алу үшін қажетті дактилоскопиялық тіркеуден өте алады. Сондай-ақ көрсетілетін қызметтер қатарына шетелдіктерді тіркеу, визалық қолдау мәселелерін шешу, тұрақты тұруға қалдыру және азаматтық алу мәселелері кіреді.

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев, өзініӊ Қазақстан халқына Жолдауында 30 дамыған мемлекеттер қатарына кіру туралы еліміздіӊ одан әрі дамуыныӊ жаӊа стратегиялық міндеттерін алға қойды. Елбасыныӊ жолдауына сәйкес, облыс орталықтарында Көші-қон қызметтерін көрсету орталығын құру қажеттігі басты мақсат болатын. Сондықтан облыс аумағына келген шетел азаматтарын тиісті тіркеуді қамтамасыз ету және олардыӊ аймақта болуын бақылау, қызмет көрсету үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында біз заманауи жабдық,талған үлкен жайлы залы бар көші-қон қызметі орталығын аштық. Бұл орталық мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, сондай-ақ азаматтардыӊ күту уақытын қысқартуға ықпал етеді", -деді Ералы Тоғжанов.

Бұдан басқа, орталықта полиция ұсынатын барлық мемлекеттік қызметтер көрсетілетінболады: қаруды тіркеу және сақтауға рұқсат беру, газ жабдығын орнатуға рұқсат беру, әкімшілік айыппұлдарды төлеу және күзет қызметі үшін лицензия беру.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны