05.07.2018, 23:15 4329

Ақтауда Нұрмахан Жантөринге алып ескерткіш орнатылды

Киелі Маӊғыстау жерінде Астана қаласыныӊ 20 жылдық мерекесі қарсаӊында, "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында ҚазССР-ніӊ Халық артисі, ұлтымыздыӊ ұлы актері Нұрмахан Жантөринге алып ескерткіш орнатылды.

Ақтау. 5 шілде. Kazakhstan Today - Киелі Маӊғыстау жерінде Астана қаласыныӊ 20 жылдық мерекесі қарсаӊында, "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында ҚазССР-ніӊ Халық артисі, ұлтымыздыӊ ұлы актері Нұрмахан Жантөринге алып ескерткіш орнатылды. Еліміздіӊ еӊ жас театры саналатын Нұрмұхан Жантөрин атындағы өнер ордасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ ұсынысымен 2003 жылдыӊ 21 наурызында ашылған болатын. Осыдан он екі жыл бұрын, дарынды талант иесіне шағын ғана мүсін орнатылған.Бүгін қазақтыӊ ұлы актеріне өнердегі асқақ бейнесі мен өмірдегі сом тұлғасына сай еӊселі ескерткіш 90жылдығына орай бой көтерді.

Астана қаласыныӊ 20 жылдық мерейтойы мен Ақтау қаласыныӊ 55 жылдығы қарсаӊында тұрғызылған Жантөрин ескерткіші актердіӊ өз есімімен аталатын қара шаӊырақ Маӊғыстау облыстық драма театрыныӊ алдында орнатылды. Жергілікті кәсіпкерлердіӊ қаражатына тұрғызылған ескерткіш, қаланыӊ мерейтойы мен xалық әртісініӊ 90 жылдықторқалы тойына үлкен сый болмақ. Ұлттық кино және сахна өнерініӊ әлемдік деӊгейдегі жарық жұлдызы Нұрмұхан Жантөринніӊ еӊселі ескерткішініӊ ашылу салтанатына облыс әкімі Ералы Тоғжанов, актердіӊ немере інісі Ғариполла Байзақов, үзеӊгілес досы әрі Халық артисі Гүлжан Испетова және жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты. Нұрмұхан Жантөрин ескерткішініӊ ашылуын Маӊғыстау жұрты зор қуанышпен қабылдап, облыс әкімдігіне және үлкен істіӊ басы-қасында жүрген азаматтарға алғысын айтты. Актердіӊ туған күніне арнап, алда әлі талай айтулы шаралар атқарылмақ. Бүгінгі игі іс тек бастамасы ғана.

Ералы Тоғжанов жиналған қауымды қос қуаныш - Астана қаласыныӊ 20 жылдығымен және Нұрмұхан Жантөрин ескерткішініӊ ашылуымен құттықтады.Ескерткіште Нұрмұхан Жантөринніӊ ой үстінде отырған сәті бейнеленген. Қолдан тұрғызылған мүсінніӊ ұзындығы 2 м 7 см. Тұғыры гранит тастан жасалған ескерткіш 3 ай мерзімінде дайындалған. Жалпы биіктігі 4,5 метр. Авторы жергілікті мүсінші Көшер Байғазиев.

Облыстыӊ әлеуметтік-экономикалық ахуалы жылдан-жылға жақсарып, мәдениеті мен өнері қарқынды дамып келеді.Бүгінгі ескерткішініӊ ашылуы соныӊ бір көрінісі. Бұдан бөлек, былтыр Отпантаудыӊ басында қазақтыӊ үш биіне арнап жаӊа ескерткіш бойы көтеріп, дала билерініӊ бейінесі кеӊ даланыӊ төсінен орналасты. Сондай-ақ, өткен жылы облыста 11 жылдан кейін республикалық ақындар айтысы қайта жанданды. Айтыс десе ішкен асын жерге қоятын Маӊғыстау жұртшылығы үшін бұл үлкен сый болды, деп хабарлайды Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны