27.06.2016, 20:48 3962

Ақтауда өткен "Искери дискурс" семинарыныӊ қорытындысы шығарылды

Ақтаудағы ҚР ҚК Искери-теӊіз күштерініӊ әскери-теӊіз базасында экстермалды журналистика бойынша "Искери дискурс" семинары аяқталды

Ақтау. 27 маусым. Kazakhstan Today - Ақтаудағы ҚР ҚК Искери-теӊіз күштерініӊ әскери-теӊіз базасында экстермалды журналистика бойынша "Искери дискурс" семинары аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Үш күн бойы 40 журналист пен республикалық БАҚ өкілдері, сондай-ақ қазақстандық блогерлер экстермалды жағдайларда кәсіби машықты көрсетіп, сонымен қатар танымал саясаткер Ерлан Каринніӊ, Болгариядан келген профессор Татьяна Дронзинаныӊ терроризм мен экстермизмді ақпараттық тұрғыда тарату қағидалары туралы ерекше дәрістерін тыӊдады. Журналистермен кездесулер аясында терроризм мәселелері зерттеу туралы біліп қана қоймай, топтардыӊ жалпы сипаттамасы, қаржыландыру қағидалары туралы білуге мүмкіндік алды. Сонымен қоса өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Журналистер күні ҚР Қорғаныс министрлігініӊ атынан Қарулы Күштерінде барлық әскери оқиғаларды тарату кәсібилігі мен жылдамдығы үшін семинарға қатысушыларға сертификаттар табыс етіліп, естелік сыйлықтары берілді.

"Ақтау қаласында Каспий теӊізінде өтіп жатқан дискурс тамаша, қайтқым келмейді. Семинар жақсы ұйымдастырылған, барлығы жоғары деӊгейде өтті. Түрлі тапсырмалар орындалды: аквалангпен жұмыс жасадық, барокамерада болдық - бұл ұмытылмайтын тәжірибе. Қорғаныс министрлігіне зор алғысымды білдіремін. Бұл олардыӊ Журналистер күніне жасаған керемет сыйлығы болды", - деді семинарға қатысушы Олег Великий.

"Бұл семинарда Қарулы Күштердіӊ күнделікті өмірін көрсеткіміз келді. Искери дискурс барысында журналистер мен блогерлер Искери-теӊіз күштерінде жауынгерлік даярлықтыӊ қалай өтетінін, журналистердіӊ корабльдерге шығуын, біздіӊ әскери теӊізшілердіӊ әскери қызметі мен жұмысын көрді. Кішкентай қайықтарда жорықтар ұйымдастырылып, суда және өрт кезінде өмір сүру үшін күрес жөніндегі жаттығулар ұйымдастырылды", - деді ҚР ҚК ИТК бас қолбасшылығы вице-адмирал Жандарбек Жанзақов.

Естеріӊізге сала кетсек, ҚР Қорғаныс министрлігініӊ ұйымдастыруымен қазақстандық журналистерді қарулы қақтығыстар мен экстремалды оқиғалар аумағында, лаӊкестік актілерін тарату жұмыс жасауға үйрету үшін экстремалды журналистика бойынша "Искери дискурс" практикалық семинары төртінші рет өткізілді. Бұл жолғы семинар ҚР ҚК Искери-теӊіз күштерініӊ Искери-теӊіз базасында өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны