07.10.2015, 19:12 3965

Ақтауда ресейлік ұшақтыӊ көкке көтерілмеуі үлкен дауға ұласты

Ал Ақтауда ресейлік "Трансаэро" компаниясыныӊ ұшағы бірнеше сағаттан бері ұшып кете алмай тұр. Бұған шетелдік тасымалдаушыныӊ әуежайға қызмет ақысын төлемегені себеп

Ақтау. 08 Қазан. Kazakhstan Today - Ал Ақтауда ресейлік "Трансаэро" компаниясыныӊ ұшағы бірнеше сағаттан бері ұшып кете алмай тұр. Бұған шетелдік тасымалдаушыныӊ әуежайға қызмет ақысын төлемегені себеп, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Билет алған жүздеген жолаушы таӊ атқалы таблоны торуылдаумен жүр. Рейс Мәскеуге таӊғы сағат жетіде аттануы керек болған. Сегіз сағатқа кешіккен ұшақ жайлы ресейлік әуе компаниясыныӊ өкілдері жолаушыларға еш түсініктеме беріп жатқан жоқ. Күту залында сабылып жүрген жұртты тамақтандыру мәселесі де қарастырылған. Айта кету керек, жолаушылардыӊ дені шетелдіктер. Көбі Мәскеуден әрі қарай басқа қалаларға жүрулері керек екен. Ал Ақтау әуежайыныӊ басшылығы, "Трансаэроныӊ" қарыздарына бола, ұшақты ұстап отырғандарын айтады. Бүгінгі рейсті есептемегенде, аталған компанияныӊ Ақтау әуежайыныӊ қызметі үшін 10 млн теӊге берешегі бар. Мұндағылар ақша аударыла салысымен, ұшақты діттеген бағытына жіберетінін жеткізді, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны