14.07.2018, 19:49 4907

Ақтауда "Жолдарда сыбайлас жемқорлық деӊгейін төмендетудіӊ 10 қадамы" аясында қала жолдарында рейдтік шаралар өтіп жатыр

Іс-шараныӊ мақсаты - жол полициясы қызметкерлері мен жүргізушілер арасында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік бар екенін түсіндіру.

Ақтау. 14 шілде. Kazakhstan Today - Ақтауда "Арнайы монторинг тобы" мүшелері жол полициясы қызметкерлерімен парақорлыққа қарсы профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бірнеше күн қатарынан "Жолдарда сыбайлас жемқорлық деӊгейін төмендетудіӊ 10 қадамы" аясында қала жолдарында рейдтік шаралар өтіп жатыр.

Рейдке облыстық "Арнайы мониторинг тобы" төрайымы Рухия Алдонғарова, орынбасары Исет Манов, мүшелері Киікбай Ешманов пен Никар Рафикова, Мобильді топтыӊ мүшесі Римма Өтесбаева қатысты.

Жемқорлықтыӊ алдын алу жұмыстарын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Маӊғыстау облысы бойынша департаменті ұйымдастырып отыр.

Іс-шараныӊ мақсаты - жол полициясы қызметкерлері мен жүргізушілер арасында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік бар екенін түсіндіру.

"Пара берсеӊ жазаланасыӊ" атты парақшада "Пара беруші 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады" деп нақты жазылған.

Яғни, тек пара мен заӊсыз сыйақыларды алушылар емес, пара берушілер де қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық деректерімен кездескен жағдайда кез-келген азамат республикалық 1424 және өӊірлік +7 707 170 14 24 шұғыл желілеріне хабарласуға болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны