11.11.2015, 18:16 4003

Ақтау-Мәскеу ұшағы Волгоград әуежайына шұғыл қонды

Волгоград әуежайы баспасөз қызметініӊ ақпаратынша, сәрсенбіде шамамен сағат 06.00 "Аэрофлот" компаниясыныӊ Airbus A320 ұшағы Гумракта шұғыл түрде қонды. Иуе кемесі Ақтау-Мәскеу бағытында ұшқан, бортында 50-ден астам адам болды

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - Бүгін, 11 қарашада, Волгоградта Қазақстаннан ұшқан ұшақ шұғыл түрде қонды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Волгоград әуежайы баспасөз қызметініӊ ақпаратынша, сәрсенбіде шамамен сағат 06.00 "Аэрофлот" компаниясыныӊ Airbus A320 ұшағы Гумракта шұғыл түрде қонды. Иуе кемесі Ақтау-Мәскеу бағытында ұшқан, бортында 50-ден астам адам болды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Шұғыл қону себебі - жолаушылардыӊ бірініӊ жағдайы нашарлауы. Оған жедел медициналық көмек көрсету керек болған.

Лайнер экипажы шұғыл түрде қонуға рұқсат сұрап, сағат 06.05 қонды. 60 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Диагнозы - "инфаркталды жағдай".

Бір сағаттан кейін ұшақ көкке көтеріліп, өз бағытын жалғастырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны