23.09.2015, 14:42 4758

Ақтау-Жаӊаөзен тас жолында жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты

Жол апаты 20 қыркүйекте сағат 07:00 минутта Қарақия жерінде орын алған. Алдын ала деректер бойынша Lada Priora көлігі Жаӊаөзен жаққа бара жатқан. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде жеӊіл көлік тасқа соғылған, соныӊ салдарынан газ баллоны жарылған, көліктегі үш адам тірідей өртеніп кетті

Ақтау. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтау-Жаӊаөзен күре жолында жол апаты орын алып, үш адам ажал құшты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жол апаты 20 қыркүйекте сағат 07:00 минутта Қарақия жерінде орын алған. Алдын ала деректер бойынша Lada Priora көлігі Жаӊаөзен жаққа бара жатқан. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде жеӊіл көлік тасқа соғылған, соныӊ салдарынан газ баллоны жарылған, көліктегі үш адам тірідей өртеніп кетті, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Оқиға орнына келген жол-патрульдік қызмет экипажы жүргізуші мен жолаушыларға көмек көрсетуге тырысты, алайда үлгермеді. Өрт сөндіру қызметкерлері жалынды ауыздықтады. Қаза болғандардыӊ сүйектері молекулярлық-генетикалық сараптамаға жіберілді. Басқа да бірқатар сараптамалар жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны