29.02.2008, 18:19 3557

Ақтөбе әкімшілігі биыл 6 мың жұмыс орнын құрып, 5,5 мың жұмыссызды жұмыспен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр

Ақтөбе әкімшілігі биыл 6 мың жұмыс орнын құрып, 5,5 мың жұмыссызды жұмыспен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр

Ақтөбе. 29-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе әкімшілігі биыл 6 мың жұмыс орнын құрып, 5,5 мың жұмыссызды жұмыспен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Ақтөбе қалалық әкімшілігі хабарлады.

Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Лариса Томчуктың айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша 6 мыңнан астам ақтөбелік жұмысқа орналасқан. Тағы да 600 адам жаңа кәсіпті игеріп, кәсіби біліктіліктерін арттырған.

"Осылайша, қала әкімшілігі жұмыссыздық деңгейін 9,2 пайыздан 7,9 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік туды. Біз жоспар бойынша бұл көрсеткішті алдағы жылдары да төмендете берсек деген ниеттеміз", - деп атап көрсетті Л. Томчук.

Оның айтуынша, сонымен қатар, биыл 16-жасқа толмаған тумысынан мүгедек жандарға, интернационал жауынгерлер мен олардың жесірлерін де қамтыған Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және оған теңестірілген тұлғаларға қала бюджеті есебінен әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасады.

"Сонымен бірге, биылдан бастап осы санатқа жергілікті атқару органының шешімімен еңбек фронтына қатысушылар да енгізілді. Олар коммуналдық қызметтер төлемақысының 50 пайызынан босатылған", - деп атап көрсетті Л. Томчкук.

2008 жылғы қала бюджетінде азаматтардың осы санатына 231,7 млн теңге қарастырылған.

Ақтөбе қаласы бүгінгі таңда жергілікті атқару органының шешімімен Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ, олардың жесірлері коммуналдық қызметті төлеуден толығымен босатылатын, ал 16-жасқа дейінгі мүгедек баласы бар отбасыларға жергілікті бюджет есебінен ай сайын 3 мың теңге қосылатын Қазақстандағы санаулы қалалардың бірі болып табылады.

Ақтөбеде шамамен 300 мың адам өмір сүреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны