15.03.2007, 11:27 3257

Ақтөбе басшылары қатты су тасқыны болатынын ескертіп, халықтан саяжайлық мекендерден кетуін сұрады

АҚТӨБЕ. 15 наурыз. Kazakhstan Today. Ақтөбе басшылары қатты су тасқыны болатынын ескертіп, халықтан саяжайлық мекендерден кетуін сұрады,-деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Осы көктемде Ақтөбеде қатты су тасқыны болады деген болжам бар. Қыста қар қалың жауды: орташа жылдық мөлшер қалыптағыдан 3-4 есе көп. Изірге ауа райының суық болып, түнде аяздың бары қардың еруіне біршама тосқауыл болып тұр. Алайда күн райы сәл жылына қалса, қаланың бірталай аумағын су басып қалу қаупі төніп тұр",-деді кеше бау-бақша кооперативтері жетекшілерімен кездескен Ақтөбе әкімі аппаратының әскери- мобилизациялық жұмыстары, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Аслан Махатов.

Ресми деректер бойынша, бүгінде Ілек пен Қарқала өзендерінің маңында орналасқан саяжай аумақтарында шамамен 400 отбасы тұрып жатыр. Олардың көбінің малы бар. "Су тасқыны басталса, бұл тұрғын үйлер қауіпті жерде қалайын деп тұр. Ал құтқару қиынға соғады",-деді А.Махатов.

Осыған орай әкімшілік бау-бақшалық кооперативтердің жетекшілеріне қауіпті аймақта тұратын адамдардың нақты санын анықтауға тапсырма берді. Ирі оларға осы кезде басқа бір қауіпсіз жерге көше тұруға үгіттеуді тапсырды.

"Бұл жерлерден неғұрлым қауіпсіз аймаққа алдын-ала көшулерін сұраймыз",-деді Махатов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны