21.01.2008, 18:24 3105

Ақтөбе халықаралық әуежайы биылғы жылдың тамыз айында тапсырылады

Ақтөбе халықаралық әуежайы биылғы жылдың тамыз айында тапсырылады

Ақтөбе. 21 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе халықаралық әуежайы биылғы жылдың тамыз айында тапсырылады. Бұл туралы сенбі күні Ақтөбеге жұмыс сапармен барған ҚР көлік және коммуникация министріне Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, көлік және коммуникация министрі мен облыс әкімі Е. Сағындықов Ақтөбе облысындағы халықаралық әуежайы ғимаратына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысып, құрылыс ұйымдарының жетекшілерімен жыйын өткізді.

Құрылыстың бас жобалаушысы мен мердігері болып отырған "Технэ-құрылыс" және "Аэропроект" РМК өкілдері осы кезеңге дейін жасалған жұмыс көлемдері туралы және алдағы құрылыс жұмыстары жөнінде баяндама жасады.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, бас қосуда облыс әкімі, құрылыс жұмыстарына байланысты қолдау көрсетуге дайын екендігін айтты. Тіпті ол үшін қосымша еңбек және техникалық ресурстарды тартуды, жергілікті кәсіпорындарда шығарылатын құрылыс материалдарын жеткізу мәселесін шешіп, нысанды биылғы жылдың 10 тамызында қолданылуға тапсыру қажеттілігін ескертті.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, екі кезеңнен тұратын халықаралық әуежайын қайта жөндеу жұмыстары 2004 жылы басталған болатын. Оның алдында ғимарат 2007 жылы тапсырылады деп жоспарланған болатын,алайда оның ашылуы түрлі себептермен кейінге қалдырылып отырды.

Облыстық әкімшілікте хабарланғанындай, облыс әкімі мен көлік және коммуникация министрі арасында болған кездесуде аймақта іске асырылатын бірқатар жобалардың мәселелері де талқыланды. Оның қатарында облыс орталығындағы айналма жол құрылысын салу, Соль-Илецк-Хобда-Ойыл-Шұбарқұдық көлік жолын қайта жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен қаржы бөлу, Қандыагаш-Мақат темір жолын электрлендіру және Шалқар-Бейнеу шойын жол төсеу жобалары бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны