24.07.2018, 17:19 5363

Ақтөбе қалалық темір жол бекетінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында "Жасырын сатып алушы" іс-шарасы өткізілді

Іс-шара барысында "Ақтөбе - Атырау", "Ақтөбе - Алматы" және "Ақтөбе - Астана" бекетінен жүретін негізгі бағыттарда заӊсыз (билетсіз) жол жүру, делдалдық (алып сатар) қызмет көрсету сияқты бірқатар заӊ бұзушылықтар анықталды.

Ақтөбе. 24 шілде. Kazakhstan Today - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Ақтөбе облысы бойынша департаменті қызметкерлері, қоғам белсенділерімен бірлесе отырып, "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ қызметіне қатысты Ақтөбе қалалық темір жол бекетінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында "Жасырын сатып алушы" іс-шарасын өткізді.

Іс-шара барысында "Ақтөбе - Атырау", "Ақтөбе - Алматы" және "Ақтөбе - Астана" бекетінен жүретін негізгі бағыттарда заӊсыз (билетсіз) жол жүру, делдалдық (алып сатар) қызмет көрсету сияқты бірқатар заӊ бұзушылықтар анықталды.

Сондай-ақ, жолсеріктер мен делдалдардыӊ жол жүрушілерді кез-келген мекенге кедергісіз жеткізіп отыруы, негізгі бағыттарда жол жүру билетініӊ тапшылығына алып келген. Билетсіз жол жүрудіӊ орта бағасы елді-мекенніӊ ара қышықтығы мен вагон жағдайыныӊ сапасына байланысты 5000-20000 тг аралығында белгіленіп отырған. Кейбір жағдайларда, аталған заӊ бұзушылыққа желілік полиция бөлімі қызметкерлерініӊ де қатыстылығы көрініс тапты.

Жоғарыда келтірілген фактілер, "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерініӊ жүйелігініӊ дәлелі екенін көрсетіп отыр. Аталған бағыт бойынша жұмыстар әрі қарай жалғасуда. Жеке көріністер бойынша дәйектемелер, шара қолдану үшін құзырлы органдарға жолданатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны