12.01.2011, 15:00 5333

Ақтөбе қаласы салық басқармасының жаңа бастығы тағайындалды

ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының бұйрығымен Болат Танабергенов Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Ақтөбе. 12 - қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының бұйрығымен Болат Танабергенов Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, Б.Танабергенов 1976 жылы дүниеге келген, Қарағанды мемлекеттік университетін "қаржыгер" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Қалалық білім беру, ішкі саясат, қаржы басқармаларында әртүрлі қызмет атқарған, қалалық экономикалық және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары, Ақтөбе облысы бойынша ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеген. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ақтөбе қаласы салық басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны