06.09.2016, 11:15 3612

Актөбе қаласында 5 маусымда болған террористік шабуылдардыӊ фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды

Жалпы сотқа 30 күдікті тұлғалар жолданады - 9 террорист, 18 мәлімет бермеушілер, 3 жасырушы.

Астана. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Актөбе қаласында 5 маусымда болған террористік шабуылдардыӊ фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды. Істіӊ материалдары танысу үшін жолданды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығы.

"Жалпы бір өндіріске біріктірілген 77 қылмыстық іс қозғалды. 21 фигурант қамауға алынды. Бас тартқандардыӊ 10-на және жасырын дем берушілердіӊ 3-не қауіпсіздік шаралары қолданылып жатқандықтан оларға қатысты қорғау шаралары жүргізілуде. Іс бойынша 215 сот сараптамасы және 26 зерттеулер тағайындалып, жүргізілді",- делінген хабарламада.

"Жойылған 18 террористке қатысты олардыӊ өліміне байланысты қылмыстық іс тоқтатылды және олар қолданыстағы заӊнамаға сәйкес жерленді. Облыстық прокуратураныӊ келісімімен тергеу мерзімі және күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі сотпен 4 айға ұзартылды,- деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығы.

Жалпы сотқа 30 күдікті тұлғалар жолданады - 9 террорист, 18 мәлімет бермеушілер, 3 жасырушы.

"Тергеу келесі қорытынды жасалды, террористік акт ДАИШ ресми өкілі "шейх аль-Аднанидіӊ" идеологиялық ықпалымен және оныӊ ораза айында өз мемлекеттерінде террористтік актілерді жасауға деген үндеуі негізінде, алдын ала дайындықсыз болды",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны