27.09.2007, 12:00 3422

Ақтөбе қаласында жалған құжат негізінде жұмыс істеген 45 машинист көмекшілері анықталды

Ақтөбе қаласында жалған құжат негізінде жұмыс істеген 45 машинист көмекшілері анықталды

Ақтөбе. 27-қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Батыс аймақтық көлік прокуратурасының қызметкерлері жалған құжат бойынша жолаушылар және жүк поездарында жұмыс істеген 45 машинистің көмекшілері анықталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Батыс аймақтық көлік прокуратурасының қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істер бойынша сот шешімдерінің және атқарушы өндірістің заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы Жасұлан Дәулембаев хабарлады.

Жасұлан Дәулембаевтың мәліметтеріне сәйкес, күдіктілердің бірі көлік прокурорларының жаппай тексерісі барысында Жем локомотив пайдалану депосында, қалған 44 көмекші (бұл мекеменің жалпы жұмысшыларының 10 %-н құрайды) Мақат станциясының теміржол кәсіпорынында анықталған.

Тергеу барысында анықталғандай, "жалған куәліктерді олар бірнеше жыл бұрын теміржол көлігі жұмысшыларына арналған Ақтөбе оқу орталығының бұрынғы қызметкерлерінен алған". Олар бұл жалған құжатты өздерінің 30-40 мың теңгеге сатып алғандықтырын, мойындаған. "Біздің қызметкерлеріміз құжаттардағы мөрдің айғыздалғанын анықтаған. Тексере келе тізімді сәйкестендіргенде олар теміржол көлігі жұмысшыларына арналған Ақтөбе оқу орталығында бірде-бір күн оқымағандықтары анықталды", - деді Жасұлан Дәулембаев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, күдіктілер еңбек етіп өз жалақыларын алып жүрген кәсіпорындардың басшылығы кейбір қызметкерлерде жалған құжат бар екендігін жақсы білген. "Біріншіден, бұл адамдар (күдіктілер - "Қазақстан Бүгін" агенттігінің ескертпесі) депода слесарь болып қызмет атқарған. Екіншіден, Ақтөбе орталығындағы оқу күндізгі бөлім болғандықтан олар машинистің көмекшісі болып оқыған жағдайда кем дегенде 4 айдай жұмыстан қол үзулері тиіс еді", - деп атап өтті Ж. Дәулембаев. Ол, сондай-ақ, "қос депоның да басшылығы болған оқиғаға байланысты алаңдаушылық білдірудің орнына, Батыс аймақтық көлік прокуратурасының қызметкерлерінен олардың тексеруі қаншалықты заңды екендігін анықтауға кіріскен", - деді.

Қазіргі кезде, бөлім бастығының мәліметтеріне сүйенсек, осы аталған барлық оқиғалар бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Үш қылмыстық іс қозғалған.

Сонымен бірге, Батыс аймақтық көлік прокуратурасы машинистердің жалған көмекшілерінің саны ұлғаюы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Себебі, прокурорлық тексеріс қазір батыс аймақтың әлі де бірнеше локомотив депосында жүріп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны