10.06.2016, 21:01 5793

Ақтөбе қаласыныӊ ауруханаларында лаӊкестік әрекеттер салдарынан зардап шеккен 15 адам емделуін жалғастыруда

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымдарыныӊ мәліметінше, 05.06.2016 - 10.06.2016 ж. аралығында Ақтөбе қаласы стационарларына барлығы 39 адам жеткізілді, оныӊ ішінде 4 адам облыстық ауруханаға, 33 адам жедел медициналық көмек ауруханасына (1 пациент 10.06.2016 ж. сағ. 09:40-та), 2 адам теміржол ауруханасына (10.06.2016 ж. сағ. 05:00-де) жіберілді

Ақтөбе. 10 маусым. Kazakhstan Today - Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымдарыныӊ мәліметінше, 05.06.2016 - 10.06.2016 ж. аралығында Ақтөбе қаласы стационарларына барлығы 39 адам жеткізілді, оныӊ ішінде 4 адам облыстық ауруханаға, 33 адам жедел медициналық көмек ауруханасына (1 пациент 10.06.2016 ж. сағ. 09:40-та), 2 адам теміржол ауруханасына (10.06.2016 ж. сағ. 05:00-де) жіберілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған уақыт аралығында стационарлардыӊ ауруларды қабылдау бөлмесі деӊгейінде 16 пациентті амбулаторлық емдеу бойынша ұсынымдар берілді.

Барлығы зардап шеккен 23 пациент ауруханаға жатқызылды, оныӊ ішінде 3 адам стационарда қайтыс болып (10.06.2016 ж. сағ. 09:40-та жедел медициналық көмек ауруханасына жатқызылған пациент жергілікті уақыт бойынша 16:45-те жан сақтау бөлімінде жасалған отадан соӊ қайтыс болды), 5 пациент ауруханадан шығарылды.

18:30-дегі (Астана уақыты бойынша) жағдайға сәйкес Ақтөбе қаласыныӊ стационарларында 15 зардап шеккен азамат емделуде, оныӊ ішінде 14 адамныӊ жағдайы орта деӊгейдегі ауыр, 1 пациенттіӊ жағдайы ауыр деӊгейде деп бағаланып отыр.

Бүгін ауруханаға 05.06.16 ж. жатқызылған пациенттердіӊ бірі республикалық санитарлық авиация көмегімен Нейрохирургия ұлттық орталығына жеткізіледі деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта астаналық (санавиация бригадасы) және ақтөбелік дәрігерлер пациентті жеткізуге байланысты дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны