14.06.2016, 19:27 4640

Ақтөбе қаласыныӊ ауруханаларында лаӊкестік әрекеттер салдарынан зардап шеккен 6 адам емделуін жалғастыруда

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымдарыныӊ мәліметінше, 05.06.2016 - 14.06.2016 ж. аралығында Ақтөбе қаласы стационарларына барлығы 40 адам жеткізілді, оныӊ ішінде 4 адам облыстық ауруханаға, 34 адам жедел медициналық көмек ауруханасына, 2 адам теміржол ауруханасына жіберілді

Ақтөбе. 14 маусым. Kazakhstan Today - Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымдарыныӊ мәліметінше, 05.06.2016 - 14.06.2016 ж. аралығында Ақтөбе қаласы стационарларына барлығы 40 адам жеткізілді, оныӊ ішінде 4 адам облыстық ауруханаға, 34 адам жедел медициналық көмек ауруханасына (1 пациент 11.06.2016 ж. сағ. 13:50-де ЖМКА травмотологиялық пунктіне өзі жүгінді, оған амбулаторлық ем тағайындалды), 2 адам теміржол ауруханасына жіберілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған уақыт аралығында стационарлардыӊ ауруларды қабылдау бөлмесі деӊгейінде 17 пациентті амбулаторлық емдеу бойынша ұсынымдар берілді.

Барлығы зардап шеккен 23 пациент ауруханаға жатқызылды, оныӊ ішінде 3 адам стационарда қайтыс болып, 14 пациент ауруханадан шығарылды (оныӊ бірі Сырым Сүндетов 10 маусым күні сағ: 22:40-та санитарлық авиация көмегімен Нейрохирургия ұлттық орталығына (Астана қ.) жеткізіліп, ем қабылдауды әрі қарай жалғастыруда).

Астана уақытымен 18:30-дегі мәліметтерге сай Ақтөбе қаласыныӊ стационарларында 6 адам ем қабылдауда, олардыӊ жағдайы орта деӊгейдегі ауыр деп бағаланып отыр.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны