26.02.2018, 17:11 4496

Ақтөбе облысы 2018 жылы "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын белсенді түрде жалғастыра береді

2017 жылы алыс және жақын шет елдерден: АҚШ, Германия, Біріккен Араб Имірліктері, Ресей, Украина, Армения мен Изербайжаннан келген 300-ден астам танымал ақтөбелік жерлестердіӊ қатысуымен "Tуған жер" жерлестер форумы өтті

Ақтөбе. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысы 2018 жылы "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын белсенді түрде жалғастыра береді.

Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбеде халықпен өткен есептік кездесу барысында мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы атап өткендей, "қоғамдық жаӊғыру бұл саяси және экономикалық жаӊғыруларды толықтырып қана қоймай, олардыӊ өзегіне айналады". "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыру біз үшін маӊызды болып қала береді", - деді Б.Сапарбаев.

Бағдарлама шеӊберінде әлеуметтік қамқорлық белсенді дамып келе жатқандығын атап өту керек, әлеуметтік нысандарды қаржыландыру бойынша нақты жұмыс үшін облыстыӊ табысты адамдарыныӊ электрондық дерекқоры құрылды.

2017 жылы алыс және жақын шет елдерден: АҚШ, Германия, Біріккен Араб Имірліктері, Ресей, Украина, Армения мен Изербайжаннан келген 300-ден астам танымал ақтөбелік жерлестердіӊ қатысуымен "Tуған жер" жерлестер форумы өтті.

Форум аясында 76 млрд теӊгеге 20-дан астам меморандумға қол қойылды, 100 түрлі кездесулер, тренингтер, семинарлар өткізілді; сондай-ақ 63 мастер-класс, олардыӊ 25-і 10 мыӊнан астам адамды қамтитын жоғары технологиялық медициналық операциялар.

"Туған жерге тағзым" акциясы да белсендi түрде дамып келеді. Биылғы жылы жалпы сомасы 2,1 млрд. теӊгеге 500-ден астам жоба абаттандыру, әлеуметтік нысандар құрылысы және қайта құру және т.б. жүзеге асырылады.

Ақтөбе облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны