04.10.2012, 14:30 3054

Ақтөбе облысы Индустрияландыру картасына енгізу үшін жаңа жобалар пакетін әзірледі

"Аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысында ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында Қазақстанның Индустрияландыру картасына енгізілген инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу мәселесін қарады. Екінші жартыжылдықта облыс орталығында үш жоба жүзеге асырылмақ. Жобаларды жүзеге асырушылардың барлығына жан-жақты қолдау танытылып отыр. Нысандар желтоқсан айында пайдалануға берілмек", - деп мәлім етті облыс әкімінің кеңесшісі.

Астана. 4-қазан. Kazakhstan Today - Аймақтық үйлестіру кеңесі ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында Қазақстанның Индустрияландыру картасына енгізіліп жатқан инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын үнемі бақылап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі Любовь Чернова мәлім еткен.

"Аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысында ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында Қазақстанның Индустрияландыру картасына енгізілген инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу мәселесін қарады. Екінші жартыжылдықта облыс орталығында үш жоба жүзеге асырылмақ. Жобаларды жүзеге асырушылардың барлығына жан-жақты қолдау танытылып отыр. Нысандар желтоқсан айында пайдалануға берілмек", - деп мәлім етті облыс әкімінің кеңесшісі.

Сондай-ақ Үйлестіру кеңесі бірқатар жаңа инвестициялық жобалармен танысты. Талқылау қорытындысы бойынша "Стар тайм" ЖШС жылу сақтайтын пластикалық терезелер мен есіктер шығаратын цех жобасы, "Тенуса" ЖШС санитарлық-техникалық өнімдер шығаратын жоба, асфальтбетон қоспасын шығаратын зауыт жобасы, темірбетон өнімдерін шығаратын цех жобасы, "Кроун Плюс" ЖШС мұнай өнімдері сақтау қоймасының құрылысы және тағы бірқатар жобалар мақұлданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны