30.06.2018, 00:50 4205

Ақтөбе облысында 1 шілдеде туған әрбір отбасыдағы алғашқы балаға домбыра сыйға тартылады

Ақтөбе облысында 1 шілдеде туған әрбір отбасыдағы алғашқы балаға домбыра сыйға тартылады. Тұтастай алғанда, Ұлттық домбыра күніне облыс бойынша 300-дей іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Облыстыӊ барлық елдімекендерінде осы мейрамға мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

Ақтөбе. 30 маусым. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында 1 шілдеде туған әрбір отбасыдағы алғашқы балаға домбыра сыйға тартылады.

Бұл туралы Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында облыстық мәдениет басқармасыныӊ басшысы Маржан Қорғанбаева хабарлады.

Домбыра күнініӊ маӊызын арттыру мақсатында өӊірде бірқатар іс-шаралар өтеді. Осы күні Астанадағы "Қазақ Елі" монументініӊ жанында қазақтыӊ ұлттық аспаптарыныӊ мұражайы ашылады, оған Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияныӊ ұлт аспаптар оркестрі қатысады.

Ақтөбе облысында 1 шілдеде туған әрбір отбасыдағы алғашқы балаға домбыра сыйға тартылады. Тұтастай алғанда, Ұлттық домбыра күніне облыс бойынша 300-дей іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Облыстыӊ барлық елдімекендерінде осы мейрамға мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Соныӊ ішінде, Байғанин, Алға, Темір, Қобда, Мұғалжар, Ойыл аудандарында "Домбыра-пати" іс-шарасы өтеді.

Алға ауданында бір уақытта домбырамен жаппай шығармаларды орындау жоспарлануда, Темір ауданында "Алтын домбыра" жас күйшілер байқауы, Мәртөкте - жастардыӊ қатысуымен флеш-моб, домбырашылар байқауы өтеді.

Барлық кітапханалар мен мұражайларда экспозициялық, кітап көрмелері, "Домбыра - асыл мұра", "Үкілі домбыра", "Киелі домбыра" танымдық сағаттары және т.б. өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны