04.02.2008, 17:08 6160

Ақтөбе облысында 2007 жылы шетелдіктер тарапынан 29 бала асырып алу оқиғасы тіркелді

Ақтөбе облысында 2007 жылы шетелдіктер тарапынан 29 бала асырып алу оқиғасы тіркелді

Астана. 4 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында 2007 жылы шетелдік азаматтардың 29 баланы асырып алғандығы тіркеліп, бұл 2006 жылдағы көрсеткіштен 9% төмен болды. Бұл туралы бүгін агенттікке ҚР әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстық әділет басқармасының мәліметтері бойынша, балаларды асырап алу деректері Ақтөбе қаласында тіркелді. АҚШ азаматтары жетім қалған 14 баланы, испандықтар-жетеуін асырап алды. Төрт бала өзінің ата-анасын Германиядан тауып алса, екеуі Францияға аттанды. Ал Канада мен Өзбекстанның екі азаматы бір-бір баланың ата -анасы атанып, елдеріне оралды.

"Балалардың ішінен көбінесе жергілікті ұлт өкілдерінің бес жасқа дейінгі балалары асырауға алынып тіркеледі ", - деп атап өтті облыстық әділет басқармасының бастығы Айдын Тұрғанбаев.

Аймақта 2007 жылы 211 бала асырауға берілгендігі жөнінде мәліметтер тіркелді, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 12% төмен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны