05.02.2007, 15:35 2867

Ақтөбе облысында 2007-жылы жергілікті бюджеттің есебінен 58 денсаулық сақтау нысаны жөнделеді

АҚТӨБЕ. 5-ақпан. Kazakhstan Today. Ақтөбе облысында 2007-жылы жергілікті бюджеттің есебінен 58 денсаулық сақтау нысаны жөнделеді. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 549 млн теңге бөлінеді, деп хабарлады бүгін журналистерге облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры Қайрат Сабыр.

Оның айтуынша, шаралар денсаулық сақтау нысандарын салу және күрделі жөндеуден өткізу жөніндегі облыстық бағдарламаны жүзеге асыру аясында өткізілуде. Бұл құжат 2005-2008-жылдарға есептелген. Соған сәйкес облыста бар барлық ауруханалар, амбулаториялар мен емханаларды жөндеу межеленген.

Облыстық денсаулық сақтау департаментінің директорының журналистерге хабарлауынша, соңғы 15-20 жыл бойы жөндеу көрмеген ауылдық емдеу мекемелеріне айрықша назар аударылады. Мәселен, биыл күрделі жөндеуден өтуге тиіс нысандардың тізімінде 8 аудандық орталық аурухана бар.

Сонымен бірге Ақтөбедегі балалар үйі, облыстық жедел жәрдем ауруханасы, отбасын жоспарлау және адам репродукциясы орталығы жөнделмек.

Бүгінде Ақтөбе облысында 400 денсаулық сақтау нысаны, соның ішінде ауруханалар, дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық бөлімшелер бар. Оларды ұстап тұруға облыстық және республикалық бюджеттерден 10,5 млрд. теңге бөлінген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны