22.07.2008, 10:58 1416

Ақтөбе облысында 2011 жылға дейін 8 ірі медицина нысаны салынады

Ақтөбе облысында 2011 жылға дейін 8 ірі медицина нысаны салынады

Ақтөбе. 22 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында 2011 жылға дейін жалпы құны 11 млрд теңгеге 8 ірі медицина нысаны салынады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.

"Қазіргі уақытта Елбасының "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасының аясында бір ауысымда 500 келушіні қабылдай алатын емхана құрылысы облыс орталығында жүріп жатыр. Жоба құны - 1,3 млрд теңге. Бұл ретте бұған барлығы дерлік - жаңа тоқсаты, жиһаз, өзінің кір жуатын орнынан бастап, заманауи медициналық құралдарға дейін кіреді", - деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасының директорының орынбасары Самат Данияров.

Оның айтуынша, бюджеті дәл осындай емхана облыс орталығының тағы бір ықшамаудынында салынуда. Бұл нысандар келер жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны