04.09.2018, 15:15 3970

Ақтөбе облысында 2018 жылы 15 мектеп ашылады

Жалпы алғанда, 1 қыркүйек күні Ақтөбедегі мектептерге 139 мыӊнан астам балалар оқуға баратын болса, соныӊ ішінде 16 528-і алғаш рет білім беру ордасыныӊ табалдырығын аттамақ.

Ақтөбе. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында 2018 жылы 15 мектеп ашылады.

Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында Ақтөбе облысыныӊ білім басқармасыныӊ басшысы Лаззат Уразбаева хабарлады.

Оныӊ айтуы бойынша ағымдағы жылы облысымызда 6100 орындық 15 жаӊа мектепті қолданысқа беру жоспарлануда.

"1 қыркүйекке дейін 9 мектеп, ал жылдыӊ аяғына дейін тағы 6 мектеп іске қосылатын болады. Нәтижесінде 2 апатты, 2 ескі, 14 үш ауысымды мектептіӊ мәселесі шешіледі. Ағымдағы жылы 64 нысанды білім беру мекемелерініӊ жөндеуден өтуіне 1,5 млрд теӊге бөлінді. Дәл қазіргі уақытта барлық оқу орындарыныӊ жөндеу жұмыстары аяқталды. Мектептер жаӊа оқу жылына оқушыларды қабылдауға дайын," - деді Лаззат Уразбаева.

Спикердіӊ сөзінше, облыс көлемінде ерекше қабілеті бар 5652 бала болса, оныӊ 4851 арнайы инклюзивті біліммен қамтылған. Облыстағы 292 балабақша мен мектепке инклюзивті білім беруге жағдай жасалған.

Бүгінгі таӊда кадрлар мәселесін шешу үшін шаралар қолданылып жатыр. Жалпы білім беретін мектептерде 17473 педагог жұмыс жасайды. 2017 жылғы кезеӊмен салыстырғанда, биыл 371 маманға дейін қажеттілік азайған. Алайда, оқу жылыныӊ басына математика, орыс тілі, ағылшын тілі, химия, биология, сондай ақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне қажеттілік артуда. Қазіргі күні Ийтеке би, Қобда, Қарғалы, Ойыл және Ырғыз аудандарына мамандар жетіспейді

Жалпы алғанда, 1 қыркүйек күні Ақтөбедегі мектептерге 139 мыӊнан астам балалар оқуға баратын болса, соныӊ ішінде 16 528-і алғаш рет білім беру ордасыныӊ табалдырығын аттамақ.

Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны