14.10.2008, 16:38 3095

Ақтөбе облысында ағымдағы жылдың 5 қазанынан бастап электр қуатының бағасы көтерілді

Ақтөбе облысында ағымдағы жылдың 5 қазанынан бастап электр қуатының бағасы көтерілді

Ақтөбе. 14 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында ағымдағы жылдың 5 қазанынан бастап электр қуатының бағасы 14% көтерілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Ақтөбеэнергоснаб" ЖШС сілтеме жасап.

ЖШС ақпаратына сәйкес, 5 қазаннан бастап аймақ халқы1 кВт-сағ үшін бұрынғы 6,75 теңгенің орнына 7,7 теңге төлейді. Ал өнеркәсіп орындары, бюджеттік ұйымдар, тоқпен жүретін қоғамдық көліктер мен басқа да заңды тұлғалар үшін 1 кВт-сағаттың бағасы 9,74 теңге болмақ. Бұрын бұл санатқа арналған тариф 8,55 теңге болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны