02.05.2018, 20:49 3268

Ақтөбе облысында алғаш рет "Меніӊ әкем" әлеуметтік жобасы ұйымдастырылмақ

100-ден астам ақтөбелік әке "Меніӊ әкем" жобасына қатысады.

Петропавловск. 2 мамыр. Kazakhstan Today - 100-ден астам ақтөбелік әке "Меніӊ әкем" жобасына қатысады.

Бұл туралы Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында жобаныӊ ұйымдастырушысы Жаӊалық Ахаш айтты.

"Меніӊ әкем" әлеуметтік жобасы өӊірде алғаш рет өткізіліп отыр. Икелер түрлі: дәрігер-әке, көп балалы әке, ханшалар әкесі, жаттықтырушы-әке, шығармашыл әке және басқа да номинациялар бойынша жарысқа түседі. Жарысқа қатысушылардыӊ еӊ жасы 26-да, ал жасы бойынша еӊ үлкені 12 баланыӊ 90-жастағы әкесі болып табылады. Илеуметтік белсенді ақтөбеліктер бастаған жобаны облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы мен Ақтөбе облысыныӊ ішкі саясат басқармасы қолдады.

"Іс-шаралар конкурс түрінде өткізіледі. Конкурсқа 8 номинация бойынша қатысуға Ақтөбе облысында тұратын 116 әкеден өтініш түсті. Олардыӊ арасында мүгедек бала тәрбиелеп отырған әкелер де, жалғыз басты әкелер де, 8 және одан да көп баласы бар көп балалы әкелер де бар. Конкурстыӊ барлық шарттары Инстаграмм желісіндегі @meninakem_ парақшасында жарияланды. Еӊ үздік әке дауыс берушілер саны бойынша анықталады. Сосын әрбір номинация бойынша 5 адамнан іріктеліп алынады. Төралқа оларға балаларды тәрбиелеуге қатысу, отбасылық дәстүрді құрметтеу, қоғамдық өмірге қатысу сияқты қасиеттері бойынша өз бағаларын қояды", - деді Жаӊалық Ахаш.

Жобаныӊ басты мақсаты - қоғамдағы әке мәртебесін көтеру, өйткені әке балалар тәрбиесінде үлкен рөл атқарады.

"Меніӊ әкем" әлеуметтік бағдарламасыныӊ салтанатты іс-шарасы 5 мамырда сағат 15.00-де Өнер орталығында өтеді. Іс-шаралар барысында белсенді де үздік әкелер марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар беріледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны