03.02.2011, 16:18 3495

Ақтөбе облысында алты жасар қызды зорлаған қылмыскер 11 жылға бас бостаныдығынан айырылды

Ақтөбе облысында алты жасар қызды зорлаған қылмыскер 11 жылға бас бостаныдығынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақтөбе. 3 - ақпан. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында алты жасар қызды зорлаған қылмыскер 11 жылға бас бостаныдығынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақтөбе облыстық сотының хабарлауынша, 32 жастағы сотталушы жеке көлігімен жолаушылар тасымалдаумен айналысқан. Өткен жылдың қараша айында мас күйнде көлік жүргізген ол кішкентай қызды қала шетіне күшпен алып кетіп, зорлап кеткен. Жылап жатқан баланы тауып алған қала тұрғыны оны үйіне әкеліп, ата-анасына табыстаған болатын.

Күдікті қылмыстың ізі суымай ұсталған. Ол сот барысында өз кінәсін толық мойындап, өкінетіндігін айтып баққан. Сот барлық дәлелдерді зерделей отырып, оны айыпты деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Үкім әлі күшіне енген жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны