29.01.2018, 17:23 6651

Ақтөбе облысында балаларға арналған ауқымды жоба жүзеге асырылатын болады

2018 жылы Ақтөбе облысында "Бақытты балалық шақ" атты ауқымды жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы облыс әкімдігініӊ кеӊейтілген отырысында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев мәлім етті.

Ақтөбе. 29 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2018 жылы Ақтөбе облысында "Бақытты балалық шақ" атты ауқымды жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы облыс әкімдігініӊ кеӊейтілген отырысында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев мәлім етті.

Осы жоба аясында ірі кәсіпорындардыӊ қатысуымен Ақтөбе қаласыныӊ барлық аулаларын балалар ойын алаӊдарымен жабдықтау жоспарланып отыр. Жалпы алғанда, аталмыш акция білім беру, мәдениет, шығармашылық, спорт, интеллектуалдық тәрбие мен балаларды дамытуға бағытталған сегіз бөлім бойынша жүзеге асырылмақ.

Сондай ақ, облыс әкімі 2020 жылға дейін үш ауысымдық және апатты жағдайдағы мектептер мәселесін шешуді міндеттеді.

"Облыста мектеп жасындағы балалардыӊ саны жыл сайын артып келеді. Осыған байланысты үш ауысымды және апатты мектептер мәселелерін шешуге ерекше назар аударылып отыр. Өткен жылы 15 жаӊа мектеп пайдалануға берілді, қазіргі кезде 26 мектептіӊ құрылысы жүргізілуде. 2019 жылға қарай апаттық жағдайдағы мектептердіӊ, ал 2020 жылға дейін үш ауысымды оқыту мәселелерін шешуді жоспарлап отырмыз", - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, 2020 жылға дейін мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында мектепке дейінгі білім беру мекемелер желісін кеӊейтіп, балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайызға қамту жоспарланған. Бүгінгі таӊда бұл көрсеткіш 96% құрайды.

Аудан әкімдеріне 2018-2019 жылдар ішінде барлық ауылдарды спорттық алаӊдармен жабдықтау, аудан орталықтарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны