19.04.2012, 14:51 3536

Ақтөбе облысында балаларын егуден бас тартып жатқан ата-аналардың саны артты

Осы туралы және иммунизациялау апталығының басталуы мәселесіне қатысты мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бастамасымен облыстық денсаулық сақтау басқармасында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Ақтөбе. 19-сәуір. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында түрлі себептермен өз балаларын егуден бас тартып жатқан ата-аналардың саны артып келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Осы туралы және иммунизациялау апталығының басталуы мәселесіне қатысты мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бастамасымен облыстық денсаулық сақтау басқармасында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Дәрігерлердің хабарлауынша, қазіргі кезде Ақтөбе облысында 593 ата-ана алдын алу егулерден бас тартып отыр, олардың ішінде 237 бала осы уақытқа дейін бірде-бір рет егілмеген.

Қазақстанда иммунизациялау мәселелері денсаулық сақтау саласындағы басымдықты бағыттардың бірі болып табылады. Тұрғындарды вакцинациялаудың арқасында вакцинамен алды алынатын індеттердің деңгейі айтарлықтай төмендеген. Халықты жоспарлы егудің арқасында Ақтөбе облысында қызылша, қызамық, полиомиелит, дифтерия, көкжөтел, "В" вирустық гепатиті сияқты аурулар бірнеше жыл бойы тіркелген жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны