07.05.2010, 18:12 3259

Ақтөбе облысында бұрынғы аудан әкімі пара алғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айрылды

Ақтөбе облысында бұрынғы аудан әкімі пара алғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айрылды

Ақтөбе. 7 мамыр. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында Алға ауданының Алға қаласының әкімі пара алғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық сотқа сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, 2009 жылдың аяғында бір кәсіпкер шенеунікке келіп, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің аумағында жалға коньки беретін мұз айдынын ашуға рұқсат сұрап өтініш білдірген. Алайда шенеунік ол үшін белгілі бір көлемде қаржы талап еткен. Алға аудандық балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің директоры олардың арасындағы делдал болған.

Кейін бұл әкім қаңтар айында 20 мың теңге алып жатқан кезде қолға түсті. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-ші бабы (пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Істі қараған сот бұрынғы әкімді 4 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу, ал делдалға 3 жылға бас бостандығын шектеу туралы жаза тағайындады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны