05.08.2008, 10:06 1424

Ақтөбе облысында ет өнімдері, мал мен жем-шөпті Орынбор облысынан әкелуге уақытша тыйым салынды

Ақтөбе облысында ет өнімдері, мал мен жем-шөпті Орынбор облысынан әкелуге уақытша тыйым салынды

Ақтөбе. 5 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында ет өнімдері, мал мен жем-шөпті шекаралас Орынбор облысынан әкелуге уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Өткен аптаның ортасында Орынбор облысының Черноречье ауылында әзірге белгісіз себептермен үйлердегі шошқалар африка обасымен жаппай ауырғаны белгілі. Осы аурудың көршілес өңірлерге таралуының алдын алу мақсатында Орынборға шекаралас Қазақстан облыстарының өкілдері шақырылған", - деп түсіндірді Ақтөбе облыстық мемлекеттік бас мал дәрігерлік инспекторы Айсағали Айжарықов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Орынбор облысында болған оқиғаға байланысты карантин жарияланған. Ал Черноречьеде диагноздары расталған 200 шошқа жойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны