19.09.2018, 16:22 4042

Ақтөбе облысында формалды емес жұмыспен қамтылған халықты формализациялау бойынша 59 мың ақтөбелік актуализацияланды

Статустары актуализацияланбаған 48 839 ақтөбелік қалып отыр. Олардыӊ ішінде 6 мыӊға жуығы міндетті зейнетақы жарналарын аударусыз жұмыс істесе, 2 мыӊы мекен-жайы бойынша тұрмайды.

Ақтөбе. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - Жол картасын іске асыру бойынша формалды емес жұмыспен қамтылған халықты формализациялау бойынша 59 мыӊ ақтөбелік актуализацияланды.

Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында Ақтөбе облысыныӊ жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысыныӊ орынбасары Бибігүл Бисенғалиева мәлімдеді.

Оныӊ айтуы бойынша, облыста формалды емес жұмыспен қамтылған халықты формализациялау және оларды еліміздіӊ экономикасына тарту бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

Формализация бойынша Жол картасыныӊ маӊызды бағыты азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін еӊбек нарығыныӊ инфроқұрылымын жаӊғырту болып табылады.

"Жүргізілген жұмыстардыӊ нәтижесінде, бүгінгі күні 107 857 адамныӊ ішінен 59 018 актуализацияланды. Сонымен қатар 528 адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелсе, 29 541 адам жалдамалы жұмысшылар ретінде, 3 356 адам әлеуметтік төлем алушылар, 1 236 студент, 14 415 үй шаруашылығымен айналысушылар ретінде актуализацияланды ",-деді Бибігүл Бисенғалиева.

Статустары актуализацияланбаған 48 839 ақтөбелік қалып отыр. Олардыӊ ішінде 6 мыӊға жуығы міндетті зейнетақы жарналарын аударусыз жұмыс істесе, 2 мыӊы мекен-жайы бойынша тұрмайды. Ал, 2,5 мыӊ адам міндетті әлеуметтік медицина жарналарын өздері төлейтіндерін мәлімдеді. Сондай-ақ, 36 мыӊ ақтөбелік үй шаруасымен айналысатындарын және олар жұмысқа орналастыруды қажет етпейтіндіктерін, олар үшін өздерініӊ отбасы мүшелерініӊ жарналарды жүзеге асыратынын мәлімдеп отыр. Қалған 5 276 жұмыссыз тіркелмеген және өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған адамды жұмыспен қамтудыӊ белсенді шараларына тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны