22.08.2018, 20:23 4587

Ақтөбе облысында "Қазақстанныӊ 100 жаӊа тұлғасы" республикалық жобасыныӊ 2-ші кезеӊі басталды

"Рухани Жаӊғыру" бағдарламасы аясында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, "Қазақстанныӊ 100 жаӊа тұлғасы" жобасын әзірлеген.

Ақтөбе. 22 тамыз. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында "Қазақстанныӊ 100 жаӊа тұлғасы" республикалық жобасыныӊ 2-ші кезеӊі басталды.

Бұл туралы Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында "Қоғамдық келісім" ҚММ жетекшісі Зәмзәгүл Бимағамбетова айтты.

Оныӊ айтуынша "Рухани Жаӊғыру" бағдарламасы аясында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, "Қазақстанныӊ 100 жаӊа тұлғасы" жобасын әзірлеген.

Жоба Қазақстанныӊ дамуына айтарлықтай үлес қосқан нақты бір адамдардыӊ мысалында табыстылық, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және білім идеяларын алға жылжыту мақсатында жүзеге асырылады.

"Біз "Қазақстанныӊ 100 жаӊа тұлғасы" жобасыныӊ 2-ші кезеӊіне қатысуға үміткерлерден өтінімдер қабылдауға кірістік. Оныӊ басты ерекшелігі - енді үміткер нақты ұйымныӊ атынан ұсынылатын болады.Осылайша, біз, әртүрлі салалардан, жеке және кәсіби жетістіктерініӊ бірегей тарихы бар қоғамдық ұйымдардан, салалық қауымдастықтардан, қызметтер мен кәсіптер түрлерінен үміткерлер базасын қалыптастыра аламыз", - деді Зәмзәгүл Бимағамбетова.

Жобаға қатысуға өтінім осы жылғы 10 қыркүйекке дейін қабылданатынын ескерте кеткіміз келеді. Үміткерлердіӊ түпкілікті тізімі онлайн дауыс беруді ұйымдастыру үшін El.kz порталында орналастырылатын болады.

Онлайн дауыс беру ағымдағы жылғы 20 қыркүйектен 10 қазан аралығында жүргізіледі.

Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны