Система Orphus

Ақтөбе облысында кейбір балықтарды аулауға тыйым салынды

21.04.2008, 16:43 2826

Ақтөбе. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында кейбір балықтарды аулауға тыйым салынды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ақтөбе облысының балық шаруашылығы басқармасының территориалдық бөлім бастығы Мақсат Разбаев атап өткеніндей, балық аулауға тыйым салу шарасы уылдырық шашу кезеңімен байланысты.

Нақтылап айтқанда, 15 сәуірден 1 қыркүйек айлары кезеңінде Торғай мемлекеттік табиғат қорығында барлық су жануарлары пен балықтардың барлық түрлерін аулауға тыйым салынады.

"Су құстары мен балықтардың осы кезеңде өсіп дамитыны ескеріле отырып, Торғай қорығында бұл уақыт аралығында қорықшыдан басқа ешкім болмауы қажет", -деп атап өтті М. Разбаев.

Сонымен қатар, басқармада атап өткеніндей, екінші тыйым салу кезеңі 20 сәуірден 20 мамырға дейін созылады. Осы мерзім ішінде тоғандар мен көл- тауарлық балық өсіру шаруашылықтарынан басқа, балық шаруашылық суларында көксерке, таутан, шортан, айқайран, ақмарқа сияқты балықтарды ұстауға тыйым салынды.

Сондай-ақ, 20 мамыр мен 30 маусым айлары аралығында сазан, ақтабан, мөңке, қара балық, жайын, балпан балық, теңге балық , айнакөз сияқты 11 балық түрін аулауға тыйым салынады.

"Облыста осы уақыт аралығында үнемі кезектен тыс бақылау шаралары жүргізіліп отырады. Егер осы уақыт аралығында талаптарды бұзғандар қолға түсетін болса, онда оларға қатысты әкімшіліктік шаралар қолданылады", - деп хабарлады М. Разбаев. "Балық аулау ережелерін бұзатын жеке тұлғалар 3 мың теңгеден 20 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болады. Ал кәсіпкерлер мен ірі нысан жетекшілеріне 50 мыңнан (50 айлық есептік көрсеткіштен) 250 мың теңгеге дейін (250 айлық есептік көрсеткіш ) айыппұл салынады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны