12.06.2008, 17:43 2845

Ақтөбе облысында көктемгі дератизация жұмыстары аяқталды

Ақтөбе облысында көктемгі дератизация жұмыстары аяқталды

Ақтөбе. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында көктемгі дератизация жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Кеміргіштер мен үй тышқандарын жою жұмыстары облыстың 8 ауданының 38 елді мекенінде жүргізілді", - деп атап көрсетті облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің аса қауіпті індеттерді бақылау бөлімінің бас маманы Мұрат Муафиков.

Дератизация аясында жалпы аумағы миллион шаршы метрден асатын 5 200 аула өңделді. Сондай-ақ, барлық 38 елді мекенде 21 900 гектар жерге қорғаныс аумақтары жасалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны