06.07.2018, 15:13 6986

Ақтөбе облысында көпбалалы отбасылар мен жетім балалар қоныс тойын тойлады

Ақтөбе облысында Астананыӊ 20 жылдығына орай мерекелік шаралар өтіп жатыр. Бүгін Қандыағаш қаласында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету орталығы ашылды.

Ақтөбе. 6 шілде. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында Астананыӊ 20 жылдығына орай мерекелік шаралар өтіп жатыр. Бүгін Қандыағаш қаласында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету орталығы ашылды.

Бұл оқиғаны ерекше балақайлардыӊ ата-аналары көптен бері күткен болатын. Психологиялық-педагогикалық көмек 11 жыл бойы жергілікті мектептіӊ бейімделген бөлмесінде көрсетіліп келді. Бөлме небәрі 7 балаға қызмет көрсетуге арналған болатын. Алайда, іс жүзінде түзету сабақтарына Қандыағаштан және аталмыш ауданныӊ бес ауылдық округінен 98 бала бала қатысқан. Келер оқу жылы оларға ерекше қажеттілігі бар тағы 25 бала қосылады.

Жаӊа орталықта балаларды әлеуметтік жағынан бейімдеу үшін барлық жағдай жасалған. Жалпы аумағы 384 шаршы метр болатын екі қабатты ғимаратта 10 мамандандырылған кабинет орналасқан. Енді мамандардыӊ көру, есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты, ой-өрісі бұзылған және психикалық дамуы кешеуілдеген балалармен жұмыс істеулері кезінде бос кеӊістіктіӊ жетіспеушілігіне қатысты проблема болмайды.

Облыс әкімі Орталық жұмысшылары мен ерекше балалардыӊ ата-аналарын көптен күткен жаӊалықтарымен құттықтап, ұжымныӊ жүгі ауыр еӊбектеріне табыс, ал олардыӊ қамқорлықтарындағы кішкентайларға мықты денсаулық пен бақытты балалық шақ тіледі. Сондай-ақ, облыс әкімі Орталыққа теледидар тарту етті.

Сол күні Қандыағаш тұрғындарын қуантуға себеп болған тағы бір жаӊалық - кезекте тұрғандарға жаӊа пәтерлердіӊ кілттері табыс етілді. Олардыӊ қатарында көп балалы отбасылар, мүгедек жандар мен бюджет саласыныӊ қызметкерлері бар. Пайдалануға "Достық" және "Жастық" шағын аудандарындағы бес қабатты екі үйден 114 пәтер берілді.

Үйлердіӊ біреуі жаӊадан тұрғызылды. Сол үйдіӊ бірінші қабатында орналасқан 12 пәтер арбаға таӊылған мүгедек жандардыӊ өміріне толықтай бейімделген. Келесі үй қаӊырап тұрған. Оны қалпына келтіруге 190 млн теӊге бөлінді. Енді ол жайлылық тұрғысынан жаӊадан салынған тұрғын үйлерден кем емес.

- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ сарабдал саясаты еӊ алдымен, халықтыӊ әл-ауқаты мен өмір сүру деӊгейін көтеруге бағытталған. Баспанамен қамтамасыз ету - әлеуметтік саясаттыӊ маӊызды тұсы. Президент тапсырмасын орындай отыра өткен жылдыӊ өзінде облыс бойынша 780 мыӊ шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға бердік. Биыл кемінде 880 мыӊ шаршы метр тұрғын үй саламыз. Қандыағаштыӊ өзінде жыл басынан бері 3 мыӊға жуық адамныӊ баспаналы болуы - белсенді тұрғын үй құрылысыныӊ көрнекі мысалы. Осыныӊ бәрі Президенттіӊ еліміздіӊ дамыуына дұрыс бағыт беруініӊ арқасында мүмкін болып отыр, - деп атап өтті құттықтау сөзінде облыс әкімі.

Бұдан басқа, өӊір басшысы жұмыс сапары кезінде гүлзар мен ұлы ақын Жамбыл Жабаев ескерткішініӊ ашылуына қатысты. Мұнда Бердібек Сапарбаев "Бақытты бала" акциясы аясында 20 балаға "Энергетик" лагерінде жазғы демалысын өткізу үшін сертификаттар табыс етті.

Облыс әкімі сондай-ақ, көпфункциялы спорт алаӊыныӊ ашылу салтанатында болды. Спорт жанкүйерлері шамамен 840 шаршы метр алаӊда футболмен, волейболмен, баскетболмен, воркаутпен және т.б. шұғылдана алады. Облыс әкімі жергілікті жастарды салауатты әрі белсенді өмір сүру салтына шақырып, балаларға доптар және жергілікті волейбол командасына кәсіби формалар тарту етті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны