Ақтөбе облысында "Құтты мекен Ақтөбеден - арайлы Астанаға" автокеруені жолға шықты
Ақтөбе. 30 маусым. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында "Құтты мекен Ақтөбеден - арайлы Астанаға" автокеруені жолға шықты.
Өӊірде Астананыӊ 20-жылдығына 3000-нан астам іс-шаралар өтеді. Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында облыстық мәдениет басқармасыныӊ басшысы Маржан Қорғанбаева хабарлады.
Өӊірде Астананыӊ 20- жылдығына ұштастырылған іс-шаралар 2017 жылдыӊ 10 желтоқсанында "Елімніӊ жүрегі - Астана" жастар форумымен, сондай-ақ, "Музарт" тобыныӊ 2 күндік концертімен басталғанын еске сала кеткіміз келеді.
"Өӊірлердегі Астана Күнін өткізу жөніндегі іс-шаралар Ақтөбе облысынан басталды, онда "Елордадан елге сәлем" атауымен мерекелік концерттер өткізілді, сол сияқты, театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылды. Облыс басшылығыныӊ қолдауымен ақтөбелік шығармашылық ұжымдар Ресейдегі, Түркиядағы, Италиядағы, Индиядағы фестиваль-конкурстарға қатысты. Облыстыӊ Орынбор облысымен шекаралас бес ауданында "Астана - арман қала" атты мәдени іс-шаралар, ал Өзбекстанныӊ Нүкіс қаласында "Ақтөбе-Нүкіс: әріптестік пен өзара ынтымақтастық" атауымен бірлескен концерт өткізілді", - деді Маржан Қорғанбаева.
Тұтастай алғанда, Астананыӊ 20-жылдығына өӊірде 3-ға жуық мәдени-бұқаралық іс-шаралар, тақырыптық конференциялар, симпозиумдер, дөӊгелек үстелдер, спорттық іс-шаралар, эстрада жұлдыздарыныӊ концерттері, 25 өндірістік және әлеуметтік маӊызды нысандар, "20 қайырымды іс" іс-шараларын өткізу жоспарланған.
25 маусымда мәдениет және өнер қайраткерлері, белсенді жастар қатысқан, Қызылорда, Оӊтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарында және тағы да 11 елдімекенде болатын "Құтты мекен Ақтөбеден - арайлы Астанаға" автокеруені жолға шықты. 1 шілдеде автокеруен 5170 шақырым жол жүріп, Астанаға жетеді, осы жерде мерекелік концерт ұйымдастырылатын болады.
Осы жылғы шілдеде басталатын "Туған жерім-нұрлы елім" Ақтөбе облысы аудандарыныӊ күні де Астананыӊ 20-жылдығы аясында ұйымдастырылатын болады. Одан басқа, өӊірде "Астана - болашақ бастауы" ұранымен іс-шаралар кешені басталды.
30 маусым-6 шілде аралығында Ақтөбе облысында "Plain Air" көркемөнер симпозиумы, шілдеде- "Ин-ғұмыр" республикалық ретро фестивалі, "Дала аккорды - Степной аккорд" бард әндерін орындаушылардыӊ халықаралық фестивалі, алтамызда - республиканский конкурс эстрада орындаушыларыныӊ "Жібек жолы" республикалық конкурсы болады.
2018 жылғы 30 маусымда Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияныӊ Қазақ камералық хоры Астана қаласындағы "Қазанат" ипподромындағы "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенініӊ жұмысына, 2 шілдеде - "Жарқыраған Астана", "Shine Astana" салтанатты өлеӊініӊ премьерасына қатысады.
Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.