27.07.2017, 20:01 4115

Ақтөбе облысында өӊірлік бренд таныстырылды

Ақтөбе облысыныӊ брендін анықтау жұмысы төрт кезеӊнен тұрды. Атап айтқанда, тұрғындарға сауалнама жүргізу арқылы облыстыӊ сәйкестілігіне зерттеу жүргізу жолымен тұжырымдама құру жұмыстары жүргізіліп, оған екі мыӊнан аса тұрғын қатысты. Брендтіӊ үздік нұсқалары жасалып, таӊдалды, облыс әкімдігініӊ ресми сайтында жүргізілген интернетпен дауыс беруге 1250 адам ат салысты. Қорытынды кезеӊде сараптама кеӊесі Ақтөбе облысыныӊ өӊірлік брендін анықтады.

Ақтөбе. 27 шілде. Kazakhstan Today - "Ақтөбе ақпарат" ақпараттық орталығында Ақтөбе облысыныӊ брендін таныстыруға байланысты баспасөз конференциясы өтті.

Бренд өӊірдіӊ ішкі және халықаралық аренадағы имидждік тартымдылығы мен танымалдылығын арттыру мақсатында жасалған.

Жұмысты кәсіби, шынайы және тәуелсіз бағалауды қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облысыныӊ өӊірлік брендін анықтайтын сараптама кеӊесініӊ құрамына ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, маркетинг, PR және осыған ұқсас салалардағы сарапшылар, сонымен қатар кәсіби қоғам өкілдері кірді.

Ақтөбе облысыныӊ брендін анықтау жұмысы төрт кезеӊнен тұрды. Атап айтқанда, тұрғындарға сауалнама жүргізу арқылы облыстыӊ сәйкестілігіне зерттеу жүргізу жолымен тұжырымдама құру жұмыстары жүргізіліп, оған екі мыӊнан аса тұрғын қатысты. Брендтіӊ үздік нұсқалары жасалып, таӊдалды, облыс әкімдігініӊ ресми сайтында жүргізілген интернетпен дауыс беруге 1250 адам ат салысты. Қорытынды кезеӊде сараптама кеӊесі Ақтөбе облысыныӊ өӊірлік брендін анықтады.

Баспасөз конференциясы аясында қатысушылар мен қонақтарға жаӊа өӊірлік бренд, сонымен қатар, оныӊ құрылуыныӊ толық тарихы жазылған бейнеролик ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны