25.05.2015, 17:08 3970

Ақтөбе облысында өткен аптаныӊ соӊынан киіктердіӊ қырылуы тіркелмеген

Қостанай және Ақтөбе облыстарында киіктердіӊ бетпақдала популяциясыныӊ жаппай қырылу салдарын жою жұмыстары жалғастырылуда

Астана. 25 Мамыр. Kazakhstan Today - Қостанай және Ақтөбе облыстарында киіктердіӊ бетпақдала популяциясыныӊ жаппай қырылу салдарын жою жұмыстары жалғастырылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Соӊғы мәлімет бойынша, Қостанай облысында шамамен 81 970 ұша жойылды. Жангелді ауданында штаб құрылып, Комиссия қызмет етуде.

Қостанай облысыныӊ аумағы киіктердіӊ бетпақдала популяциясыныӊ төлдеу орны болып табылады. Өлген дарақ киіктерден барлық жануарларға ортақ пастереллез ауруыныӊ анықталуына байланысты 2015 жылдыӊ 22 мамырынан бастап Қостанай облысыныӊ Амангелді ауданы Үрпек ауылдық мекені аумағында ветеринарлық-санитарлық шектеулер енгізілді.

Киіктердіӊ бетпақдала популяциясыныӊ қырылу фактісі тіркелген "Ырғыз-Торғай" мемлекеттік табиғи резерватында жағдай тұрақтанды. 22 мамырдағы жағдай бойынша, Ақтөбе облысында 3092 дарақ киік өлді. ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті қызметкерлерініӊ мәліметінше өткен аптаныӊ соӊынан бастап аймақта киіктердіӊ қырылу фактісі тіркелмеген.

Бұдан басқа, 21 мамыр күні Ақмола облысыныӊ Жарқайыӊ және Жақсы аудандарыныӊ шекарасында киіктердіӊ қырылу фактісі тіркелген. Қазіргі таӊда киіктердіӊ 4293 мыӊ ұшасы жойылды. Ақмола облысында киіктердіӊ қырылу аумағында халықаралық мамандар жұмыс істеуде: Корольдік Ветеринария колледжініӊ өкілі Ричард Кох, Франкфурт Зоологиялық қоғамыныӊ өкілі Штефан Цутер және ФАО өкілі Сергей Хоменко.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны